Суданда қарулы қақтығыс кесірінен 700 мыңдай адам үйлерін тастап, бас сауғалап кетті. Мұны Халықаралық миграция ұйымы мәлімдеді. Оның дерегінше, әзірге 150 мыңдай тұрғын көрші елдердің аумағына өтіп кеткен.
Суданда үкімет әскері мен жедел қолдау күштері арасында билік үшін шайқас сәуірдің ортасында басталды. Содан бері 600-ден астам адам қаза тауып, тағы 5 мыңдайы жараланған.
Арыстан Рысбек