Қазақстан 26 елмен визасыз режим енгізу туралы келісім жүргізіп жатыр. Бұл туралы осы аптада Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді. Мемлекеттердің ішінде Австрия, Сауд арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн бар. Бұдан бөлек, Қазақстанға электрондық виза рәсімдей алатын елдер тізімін кеңейту, БАӘ резиденттері үшін виза беруді жеңілдету мәселелері қаралып жатқан көрінеді. Өткен айда Қазақстан мен Қытай Үкіметтері екі ел азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап жатқаны белгілі болды. Апта сұхбаты осы тақырыпқа арналады. Саясаттанушы Шыңғыс Ергөбек бізбен байланыста.