Жамбылда күштік құрылымдар мергендік бойынша сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда күштік құрылымдар мергендік бойынша сынға түсті

06.05.2023

Ал Жамбылда күштік құрылымдар мергендік бойынша сынға түсті. Жауынгерлік қарудан оқ атып жарысқан 100 мерген Айша бибі полигонына жиналды. 15 командаға бөлінген олар, 397 фашистің көзін жойған қазақ мергені Төлеуғали Әбдібековты еске алды. Жарысқа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұлан мен Полиция департаментінің командалары қатысты. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қалыс қалмады. Мергендер Калашников автоматы мен Макаров тапаншасымен оқ атуда шеберліктерін паш етті.

Қалдина Омарқұлова, ҰҚК Шекара қызметі жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері:

Мен өте қуаныштымын бүгін мынандай жарысқа қатысып отырғаныма. Өйткені осындай жарыста біз тек қана осы әскери қызметшілер әр түрлі құрылымдық бөлімшелердің әскери қызметшілері осындай бір полигонда, бір алаңда жинала аламыз. Бұл жерде біз өзіміздің әскери достығымызды, өзіміздің кәсіби шеберлігімізбенен білгірлігімізді нығайта аламыз.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу