Жаңаөзендегі тексеріс: ӨзенМұнайГазға қажетті өндіріс құралдарын отандық өнеркәсіптен алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі тексеріс: ӨзенМұнайГазға қажетті өндіріс құралдарын отандық өнеркәсіптен алуға болады

05.05.2023

Жаңаөзенге аттанған комиссия өкілдері «ӨзенМұнайГаз» компаниясына қажетті өндіріс құралдарын отандық өнеркәсіптен алуға болатынын анықтады. Тиісті шешім қабылданса, маңғыстаулықтар жұмыспен қамтылады. Бүгін қаладағы 30-ға жуық кәсіпорын басшыларымен кездескен «ҚазМұнайгаз» және «ӨзенМұнайГаз» өкілдері/ осындай талдау жасады. Бүгінде кәсіпкерлердің көмегімен өндіріске қажет құбырлар, сорғылар мен темір қарнақтарды жөндеуге арналған жобалар дайындалып жатыр. Жұмыс тобы тағы да, ұсыныстарды талқылайды.


Хабарламаларға жазылу