Әскери ұшқыштарды даярлайтын оқу ордасы тәуелсіздік жылдарында 2600-ден астам маман даярлап шығарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери ұшқыштарды даярлайтын оқу ордасы тәуелсіздік жылдарында 2600-ден астам маман даярлап шығарған

05.05.2023

Көкқырандары! Орталық Азия елдерінде әскери ұшқыштарды даярлайтын жалғыз оқу орны Ақтөбеде орналасқан. Ұлтымыздың даңқты ұлдарының бірі – Талғат Бигелдинов атындағы бұл институты жыл сайын 100-ден аса курсант тәмамдайды. Яғни еліміздің әскери-әуе күштері офицерлерінің 70 пайыздан астамы жоғары білімді осы жерден алған. 

Жақсыбек Кемал, тілші:

Ұшқыш болу оңай емес.Оған жүректілік мен қоса терең білім керек. Өйткені мынадай ұшақты басқару кез-келген адамға сеніп тапсырылмайды.

Оқу ордасы тәуелсіздік жылдарында 2600-ден астам маман даярлап шығарған. Мұнда көршілес мемлекеттерден де келіп, білім алып жүрген жастар бар.

Ықылас Сүйін Ұшқыштар институтын 5 жыл бұрын тәмамдаған. Ол бірден өзі оқыған білім ордасына қызметте қалды. Бұл шешіміне ешқашан өкінген емес. Қазір курсанттарға тікұшақ басқарудың қыр-сырын үйретіп жүр.

Ықылас Сүйін, аға ұшқыш-нұсқаушы:

Ең бірінші ұшқыш емес, сен ең бірінші әскерисің. Сен бірінші халыққа қызмет атқарасың.Аспанымыздың тыныштығын қорғаймыз.

Ықыластың шәкірттері де елдің қорғаныс саласында аянбай еңбек етеміз, ештеңеден аянып қалмаймыз дейді. Сондықтан білікті маман, шебер ұшқыш болу үшін терең білім алып, ұшақ басқаруды меңгеріп жүр. Оларалды мен осылай симуляторға отырса, жоғарғы курстарда кәдімгі ұшақтарды басқару құқығына ие болады.

Ришат Арманұлы, курсант:

Аспанда әуе кемесін ұстау оңай емес, қиын. Ұшу ол әр адамға беріле бермейді. Ұшу қиын. Тырысамыз, үйренеміз. Өзіміздің болашағымыз.

Әскери институт ұшқыш, инженер-механик, штурман, радиоинженер секілді оннан астам мамандық бойынша кадр даярлайды. Курсанттардың білімімен қоса физикалық дайындығына да ерекше мән беріледі. Олар қару ұстауды да осы жерде меңгеріп жатыр. Әскери институт қазірге дейін мыңнан аса офицерді оқытып шығарған. Олар еліміздің күштік құрылымдарын да жемісті еңбек етіп жүр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу