Талдықорғанда мереке қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда мереке қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды

05.05.2023

Талдықорғанда мереке қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды. Көп қабатты үйдің пәтерлеріне негізінен кезекте тұрған әлеуметтік осал топ өкілдері қоныстанды. Негізінен көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен арнайы қамқорлықты қажет ететін балалар тәрбиелеп жатқан отбасылар. Биыл облыс орталығында жалпы 1900-ден астам пәтер тапсырылады деп жоспарланған. Ал қалада тұрғын үй кезегінде әлі 15 мың адам тұр. Алдағы 5 жылда кезектегілер санын 3 есе азайту көзделген.

Азамат Бейісбеков, қала тұрғыны:

2006 жылдан бері кезекте тұрғанбыз. 7 балам бар. Осы жеті баламның арқасында пәтерлі болып отырмыз. Үш бөлмелі пәтер алдық. Қуанышымыз аспаннан, көкке тірелгендей болып тұр.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу