Басты Жаңалықтар Абай облысында биыл 235 шақырым жол жөнделеді

Абай облысында биыл 235 шақырым жол жөнделеді

Абай облысында биыл 235 шақырым жол жөнделеді. Қала мен аудан орталықтарын қоспағанда ауыларалық жолдар да қалыпқа келтірілмек. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 33 жобаны жүзеге асыруға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қазір осы арқылы елдімекендерді аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы Ақсуат ауданына осы мақсатқа 1 миллиард 600 мың теңге бөлінген. Қазір ауыл жолдарына асфальт төсеу басталып кетті. Жылдар бойы қара жолмен қатынап келген халық орталыққа қатынас жеңілдейтін болды деп риза.

Мариха Нұрханқызы, Танамырза ауылының тұрғыны:

Көп қиындық көретінбіз. Ауылдың жастарына мектептен басқа ештеңе жоқ. Барып-келіп жұмыс істейтіндер өте қиналатын. Қолға алып тас жолымыз, асфальт жол болатын болып жатыр. Ауылымыз қуанып жатыр.

Ержан Жақып

Бөлісу