Ақмола облысында 96 лауазымды тұлға жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 96 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

05.05.2023

Ақмола облысында автомобиль жолдарының сапасыз болуына байланысты 96 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Олардың қатарында жол ұйымдарының басшылары мен қала және ауылдық округтердің әкімдері бар. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері маңызы бар автожолдарға 957 тексеріс жүргізіп, 1200-ден астам ақау анықтаған. Сондай-ақ осы айда тәртіп сақшылары мен жол ұйымдарының өкілдері бірлесіп, көше-жол желілері мен жол құрылыстарына көктемгі кешенді тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу