Шымкентте лауазымды қызметкерлер жемқорлық жасады деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте лауазымды қызметкерлер жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

05.05.2023

Шымкент қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы мен лауазымды қызметкерлері жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қамқорлық жасағаны үшін қол астындағы бөлім жетекшілерінен 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі соммада пара алды деген айғақтар тексерілуде. Сондай-ақ осы құрылымның орынбасары мен бөлім жетекшілеріне қатысты да қылмыстық істер тергелуде. Олар өзара сөз байласып, жер телімін мемлекет мұқтаждығы үшін өткізген азаматтарға берілетін өтемақаның 10 пайызын яғни әрқайсысынан 5 миллион теңгені өздері иемденіп отырған. Сот 5 күдікті азаматқа қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады. Олар уақытша абақтыға және үйқамаққа алынды.

Дәурен Ерғарин, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

2022 жылы орын алған оқиға. Сол фактіні айтып бізге арызданған болатын. Тексеру барысында ол фактілер өз дәлелін тапты. Енді оның нүктесін тек сот қояды деп ойлаймыз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу