Екі мыңнан аса бала бақ сынаған сайыс қорытындысы бойынша Астанада өтетін ақтық сынға 20 жас өнерпаз қол жеткізіп отыр. Осы аптаның аяғында, 18-желтоқсан күні Стамбулда өтетін халықаралық сайыста, ел намысын қорғайтын жас әнші осы жиырмалық ішінен анықталады.
Әр қатысушыға елімізге танымал әншілер жетекшілік етеді. Сайыс «Тұңғыш Президент қоры» мен Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» жеке қоры тарапынан қолдау тауып отыр.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ