Мұнай қайта арзандай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қайта арзандай бастады

04.05.2023

Мұнай қайта арзандай бастады. Кешелі бері қара алтын бірден 6 пайызға арзандап, қазір 72 доллардан сатылып жатыр. Бұл соңғы екі айдағы ең төмен көрсеткіш. Сарапшылар бағаның құбылуына АҚШ-та мұнай мен жанармай қорының артуы себеп дейді. Яғни сұраныс азая ма деген қауіптен баға түскен. Десе де экономистер мұны уақытша құбылыс деп отыр. Оның үстіне ОПЕК+ ұйымына мүше мемлекеттер сұранысты арттыру үшін жаппай мұнай өндіріс азайтып жатыр. Валюта бағамына тоқталайық. Кеше бірден 7 теңгеге арзандаған доллар бүгін қайта қымбаттады. Қазір ол 445 теңге, ал еуро 492, рубль 5 теңге 60 тиын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу