Елімізде 90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді

04.05.2023

Елімізде 90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді. Бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Автокөлікті несиеге сатып алу кезінде азаматтарға сатып алынатын автокөлікке кепілдікті тіркеу қажет болады. Бұған дейін сол үшін облыс орталығына барып, бірнеше қағаз тапсырып, содан соң оларды банкке қайта апару керек болатын. Бұл процесс 3-4 күнге дейін созылып, автокөлік иелері үшін қолайсыздық туғызып жүрді. Енді азаматтар қағазбастылықтан арылып, уақыттарын да үнемдейді. Жаңа онлайн сервис арқылы кепілдікті 5 минут ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастау мүмкін. 

Хабарламаларға жазылу