Ақордада Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алу шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алу шарасы өтті

04.05.2023

Ақордада Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алу шарасы өтті. Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық сән салтанатымен қарсы алды. Құрмет қарауылы сап түзеп, оркестр қос елдің әнұранын орындады. Мұнан соң, президенттер шағын құрамда кеңесті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саланы дамыту жайын талқылады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән берілді.

Жалпы, қазақ пен тәжік қатынасы жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Былтыр мемлекеттер арасындағы алыс-беріс көлемі 1 млрд 400 миллион доллардан асқан.


Хабарламаларға жазылу