Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті

15.09.2015
Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті

Шығыс Қазақстандағы Абай ауданында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті. Үш кезеңнен тұратын сында білімді жастар Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқудан,  ақындардың әндері мен күйлерін орындаудан сынға түсті. Сондай-ақ өз шығармаларын таныстырды.

«Мақсатымыз мінсіз орындалып келеді. Абай оқулары алғаш қолға алынған жылдары ұлы ақынның 100-ден астам өлеңін білетін жастар болса, бүгінде 300- 400 шығарманы жатқа айтатындар бар. Бұл ойшылдың рухани мұрасының өскелең ұрпақтың бойына сіңіп, мәнінің арта түскендігінің белгісі»-дейді мамандар

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу