Венгрияда мыңдаған адам үкіметтің мұғалімдерді мемлекеттік қызметкер мәртебесінен айыру және жұмыс сағатын көбейту жоспарына наразылық білдіріп жатыр. Білім қызметкерлерін ашындырған заң маусымның 1-де күшіне енеді. Содан кейін мұғалімдер күніне бұрынғыдай 8 емес, 12 сағат жұмыс істеуге міндеттелмек. Бұған ашынған 5 мыңдай ұстаз қызметтен кететінін жариялап үлгерді. Алайда, биліктің мәлімдеуінше, жаңа заң білім сапасын жақсартуға бағытталған.
Айта кетсек, Венгрияда жалақының төмендігі мен нормативтік-құқықтық базаның жүйесіздігі салдарынан кейінгі кездері мұғалім тапшылығы сезіліп отыр.