Алматыда «Даму бала» платформасымен 15 мың бала тегін үйірмеге кезекке тұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Даму бала» платформасымен 15 мың бала тегін үйірмеге кезекке тұрды

04.05.2023

Алматыда «Даму бала» платформасы іске қосылған алғашқы 46 минутта, 15 мың бала тегін үйірмеге кезекке тұрып үлгерді. Енді ата-аналар жүйедегі жеке кабинетінде балаларының кезегін бақылай алады. Жақында онлайн кезекке тұрудың екінші кезеңі басталады. Одан ары бюджет көлемі шеңберінде үйірмеге тіркеледі. Содан кейін қажетті құжаттарды жинап, платформаға енгізу үшін 10 күн уақыт беріледі. Еске салайын, бұған дейін тегін секцияларға тіркелетін порталдан ақау шығып, ата-аналар балаларын кезекке қоя алмай біраз әуреге түскен еді. 

Хабарламаларға жазылу