Тәжікстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

03.05.2023

Тәжікстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды елорда әйуежайынан қарсы алды. Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Жалпы, қазақ пен тәжік қатынасы жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Маңызды серіктес. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға екі ел де мүдделі. Алыс-беріс көлемі 1 млрд доллардан асты. Тауар айналымын ұлғайту үшін тағы бірқатар салада келісім жасалып жатыр. Әсіресе, тараптар ауыл шаруашылығы саласына серпін беруде. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу