Иракта сотталған қазақстандықтар аштық жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта сотталған қазақстандықтар аштық жариялады

03.05.2023

Иракта өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. Оның дерегінше, әйелдердің негізгі талабы өз елдеріне тезірек экстрадициялану. Еске салайық, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар осыдан бірнеше жыл бұрын өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар. Ал олардың балалары «Русафа» операциясы аясында Ирактан Қазақстанға жеткізілген болатын.

Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Тұтқындар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау туралы талап етуде. Аштық акциясы Ирак билігінің Рақымшылық туралы заңға қол қою туралы қауесеттер аясында басталды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ирак билігі барлық санаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға биыл қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл нақты емес, қолда бар ақпарат.

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу