Үкіметте көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қаралды. Оған қатысушылар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа пакетін әзірлеу бойынша ұсыныстарды қолдайтындарын білдірді. Айта кетсек, бүгінгі таңда республикада 54 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй бар. Соңғы 3 жылда 45 мыңнан астам мүлік иелерінің бірлестіктері көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшті. Отырыста жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланды.
Райхан Сайранбек