ШҚО-да салынған 500-дей баспана сапасы мардымсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да салынған 500-дей баспана сапасы мардымсыз

02.05.2023

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы және әлеуеті әлжуаз отбасыларына арналған «Шығыс бір қабат» баспана жобасы биыл да жалғасады. Бүгінге дейін әр облыста 500-ден аса баспана тұрғызылды. Алайда Зайсан мен Күршім ауданында бой көтерген кейбір баспаналардың сапасы көңіл көншітпей отыр. Зайсан қаласында тұратын Сағыныш Солтанбековаға пәтерді екі жыл бұрын алған. Бірақ жаңа баспанаға кіргенмен бері жамап-жасқаумен келеді. Қабырғалары жарылып, терезеден су сорғалап, еденнен жел үрлеп тұр.

Сағыныш Солтанбекова, көпбалалы ана:

Бірақ енді сол мемлекеттің бөлген дүниесін дұрыс пайдаланбаған сол мердігерлер, мердігерлердің арқасында Үкімет жаман болып отыр. Ең бастысы сол стена,төбе,полы ғой. Басқа жерін бәрін көпбалалы ана болсын, кім болсын өз үйіміз болғаннан кейін біртіндеп,ақырындап өзіміз реттеп жөндеп алар едік.

Реттеп жөндеп алып жатқандар да бар. Ал кепілдік мерзімі өтпеген үйлерді мердігер мекемелер қайта жөндеп беруге міндеттелді. Жалпы соңғы үш жылда «шығыс бір қабат» жобасымен тек Зайсан ауданында 138 баспана салынды. Ол үйлер көпбалалы отбасылар мен талай жыл кезекте тұрған азаматтарға берілді. Ендігі баспаналар ауылдарда бой көтереді. Ал ең негізі мәселе сапасында.

Аслан Бегімханов, құрылысшы:

Сапа жағынан енді газаблоктың бәрін қаладан алдырып істетіп жатырмыз. Сырты ақ кіріпішпен қапталады. Іші қызыл кіріпішпен болады. Сондықтан сапасы жақсы болады деп ойлаймын.

Сапасы жақсы болу үшін әр елдімекенде мемлекеттің қаржысына саланып жатқан кез-келген нысанды енді сол округтан сайланған депутаттар қадағалайды.

Еркебұлан Зағыпаров, Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы:

Осы үйдің кілті берілгенге дейін комиссия құрылып, сол комиссиямен әр уақыт аралап, уақытында бітуіне қадағалау жасаймыз. Енді осы жолғы үй құрылыстарының мамандарын да тексеру керек. Өйткені бағдарлама бойынша салып береді. Үкімет қабылдап сатып алады, мердігерден.

Тек Зайсан ғана емес оған көрші Күршім ауданында «бір қабат шығыс» бағдарламасымен салынған баспаналар да сапасыз болып шықты. Екі-үш жыл бұрын үй алған отбасылар әкімдік пен құрылыс компаниясының есігін әлі қағып жүр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу