Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тәртібі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тәртібі өзгереді

02.05.2023

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тәртібі тағы өзгеретін болды. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Енді жеңілдетілген несие алғандардың аты-жөндері ашық дереккөздерде жарияланады. Бұл бағдарламаның ашықтығын қамтамасыз етеді. Берілетін несие мен көлік бағасының шекті соммасы азайтылады. Яғни, тек бюджеттік көліктер алу мүмкін болмақ. Кемі 10 пайыз алғашқы жарна талап етілмек. Және соңғысы әрі негізгісі автонесие тек жалақысы аз тұрғындарға берілмек. Яғни, айлықтың да шекті мөлшері бекітілмек.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі:

Белгілі бір жалақыны белгілейміз. Кім одан жоғары жалақы алатын болса ол кісілер мысалы, автонесиелеуге қатыса алмайды. Тек қана белгілі бір жалақыдан төмен болған. Яғни көбіне мұқтаж кісілерге арналғанын жасаймыз ба деп отырмыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу