Елордада «Шекарасыз шыңдар» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Шекарасыз шыңдар» фестивалі өтті

29.04.2023

Шекарасыз шыңдар! Елордада аутизмі бар балаларға арналған құзға шығу фестивалі өтті. Шара алғаш рет ұйымдастырылды. Оған ондаған бала қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен сәуір - дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату айы. Өйткені, осындай белгісі бар балалар саны әлемде жыл сайын артып келеді. Жер бетіндегі әрбір 36-шы бала олардың қатарына кіреді. Кешенді тәсілдерінің бірі – спортпен шұғылдану. Соның ішінде құзға өрмелеу – баланың барлық бұлшықетінің қозғалуына, физикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілмек.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Өзім мүгедектігі бар азаматпын, көзім көрмейді. Бірақ бұл іс-шараның өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Мына құзға өрлеу спорттық түрі өте ғажап, себебі кезінде 6-7 жыл айналысқанмын. Бұл жерде баланың аяғы, қолы, басы, миы бүкіл жері жұмыс істейді. Не үшін дейсіздер ғой? Тауға өрмелеп келе жатқанда қолын созу керек, аяғын созу керек бүкіл денесімен жұмыс істеуі керек.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу