Президент Jibek Joly» телеарнасының тынысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Jibek Joly» телеарнасының тынысымен танысты

29.04.2023

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Jibek Joly» телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді. Президентке әлемдік стандартқа сай хабар тарататын және камера-роботтармен жабдықталған жаңа заманауи студия таныстырылды. Телеарна бес тілде хабар таратады. Жаңалықтар студиясы ілеспе аударма жасай отырып, тікелей эфирде жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жұмысының маңыздылығын атап өтіп, телеарна ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Хабарламаларға жазылу