«Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық конференциясы өтті

28.04.2023

Қазақстан жаңа мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды белсенді қолдануға мүдделі. Бұл ретте отандық ғалымдар өзгемен кеңесіп, үздік жобаларды жүзеге асыруға дайын. «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық конференциясында айтылды. Жиын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйытқы болуымен өтіп жатыр. Екі күндік шара АҚШ, Германия, Польша, Болгария, Орта Азия елдері сарапшыларының басын қосты. Алқалы жиында «Ашық үкіметті» енгізудің халықаралық және ұлттық тәжірибелері, «Цифрлық мемлекет» үлгісін қалыптастырудың негізгі аспектілері, мемлекеттік басқаруды бюрократиядан арылту мәселелері талқыланады. «Елдегі саяси реформалар мен жаңа мемлекеттік басқару ең алдымен халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру қажет. Сонда билік пен халық арасында сенім пайда болады», - дейді қатысушылар.

Әлихан Бәйменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:

Сенімге ие болған Үкімет ұлт мүддесі үшін батыл шешімдер қабылдай алады. Бұл ретте ашықтық та керек, жаңа мәдениет те керек. Ал жаңа мәдениеттің негізі – әр басшы өз қызметшілері мен азаматтарыдың хақын, абыройын, еңбегін және уақытын сыйлауға негізделуі қажет.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу