Қазақстан ТikТok желісімен балалар құқығы жөнінде келісім жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ТikТok желісімен балалар құқығы жөнінде келісім жүргізіп жатыр

28.04.2023

Қазақстан ТikТok желісімен балалар құқығы жөнінде келісім жүргізіп жатыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан қазақ тілінде контент жасаушылардың VI форумында айтылды.

Айя Мүтәлі, тілші:

Бір күнде, бір жерде қазақ контент-мейкерлері мен жанашырлары бас қосатын шара биыл 6-жыл ұйымдастырылып отыр. Медиа сарапшылар, журналистер мен блогерлер түгел осында. 200-ден аса қатысушы өзара тәжірибе алмасып, кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Қазір спикерлер қазақ тілді медианарықтағы проблемаларымен бөлісіп жатыр. Енді бірі оның шешу жолдарын ұсынды.

Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлінің сөзінше, Медиа нарықтағы қазақ тілді контенттің үлесі бүгінде 87 пайызға жеткен. Қазақша контентті қолдау үшін TikTok платформасының интерфейсін де қазақшалауға ден қойған. Сондай-ақ, бұл әлеуметтік желі түрімен балалар құқықтары, басқа да мәселелер бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Жалпы таңғы 9-да басталған форум кешкі 8-де бірақ аяқталады. Оған дейін спикерлер «Қазақстандық журналистика жаңа трендтерге дайын ба?», «Медиа желіде жасанды интеллекті қолдану тәсілдері» секілді тақырыптарда сөз сөйлейді, мастер класс өткізеді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу