Еліміздің Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының білікті мамандары Түркістан облысындағы науқастарды тексеруден өткізді. Әрі өңірдегі дәрігерлермен өзара тәжірибе алмасты. Ақ халаттылар бір күннің өзінде 200-ге жуық тұрғынға диагностикалық және емдеу шараларын жүргізді. Олардың арасында кардиохирург, аритмолог және кардиолог мамандары бар. Мамандар мұндай қабылдаулар аурудың алдын алып, көп адамның өмірін ұзартуға мүмкіндік беретінін айтады.
Бағдат Әбдіқадырұлы, дәрігер-аритмолог:
Жүрек-қан тамырлар ауруы бізде қазір өкінішке орай жасарып бара жатыр. Бұрын егде жастағы адамдар ауыратын болса, қазір медицинаның дамуына байланысты диагностикалық зерттеудің арқасында көптеген ауруларды жүректен анықтаудың арқасында қазір емдеу талап етіп жатыр.
Халық саны тығыз орналасқан аймақта сондай-ақ, бүйрек ауыстыру операциясы жасалды. Себебі бүйрек жетіспеушілігімен тіркелген науқастар саны Түркістан облысында күн санап артып отыр.
Айнұр Әбілқасымқызы