Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығын бекітуді ұсынды. Біріншісі – әдебиет пен журналистикадағы үздік еңбек үшін. Екіншісі – мәдениет және өнер саласындағы үздік туындылар үшін. Президент жаңа мемлекеттік награданы, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекіту керектігін айтты. Ал, бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар азамат «Достық», «Құрмет» ордендері және «шапағат» медалімен марапатталды.