Сингапурде салық екі есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурде салық екі есе өсті

27.04.2023

Сингапурде шетелдіктердің жылжымайтын мүлік сатып алуына салынатын салық екі есе өсті. Бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Мұны елдің қаржы министрлігі мәлімдеді. Салық Сингапур азаматтары мен тұрақты тұрғындары үшін де біртіндеп өсірілгенімен, оның көлемі әлдеқайда аз болады. Соңғы жылдары бұл елде баспана сатып алу және жалдау ақысы тұрақты түрде қымбаттап келеді. Бұған коронавирустан кейін құрылыстың баяулауы әсер еткен. Мұндай жағдайда да ел билігі баспана тұрғындарға қол жетімді болуы үшін бағалардың тым шарықтамауын жіті қадағалап отыр.    

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу