Мемлекеттік кеңесші: Ассамблея сессиясы - маңызды саяси оқиға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші: Ассамблея сессиясы - маңызды саяси оқиға

27.04.2023

Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясы аталған форумның еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі екенін анық көрсетті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша, Президент сөзінің негізгі түйіні мынандай тұжырымға саяды: жалпыұлттық бірегейлікті әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани құндылықтарды негізге ала отырып, табиғи әрі тарихи жолмен қалыптастыру және дамыту керек.

Президенттің айтуынша, біздің барша халқымыз өздерін үлкен және біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі ретінде сезінеді, ондағы әрбір этнос достықты, үйлесімділік пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосып отыр.

Осы орайда, Мемлекет басшысы жалпыұлттық бірегейліктің нышандарын тағы бір мәрте атап өтті. «Бірінші, азаматтық бірегейлігімізді танытатын көк төлқұжат. Бұл барлық азаматтың тең және мемлекеттің қорғауында екенін көрсетеді. Екіншісі, Қазақстанның тәуелсіздігін, оның ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттілігін бейнелейтін аспан түстес көк байрақ» , - деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу