ҚХА-ның ХХХІІ сессиясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА-ның ХХХІІ сессиясы өтті

27.04.2023

Барлық Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді үйренуі керек. Оған Ассамблея атсалысқаны абзал. Мұнымен шектелмей, ұлттық ықпалдастық институтына айналуы қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы жұмысына нақты мақсат-міндетті жүктеді. 32-сессияда тағы қандай мәселелер көтерілді?

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Жер бетіндегі қақтығыстар мен соғыстардың дені ұлттық тәкәппарлық пен менсінбеушіліктен. Осылай деген Мемлекет басшысы шынайы патриоттық ұстанымды ұлтжанды болып көрінумен шатастырмау керегін еске салды. Себебі Қазақстан – қара шаңырақ. Ал шаңырақтың шырқын бұзуға талпынғандар олар бізден емес. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолы келісіледі. Мұны құзырлы және құқық қорғау органдары қатаң бақылауда ұстауы керек деді Президент және заң тек қағаз жүзінде жұмыс істемеуді нықтап тапсырды.

Ал қазақ тілін әр Қазақстан азаматы білуі тиіс. Сол арқылы қаншалықты патриот екенін көрсетеді. Осылай деді де Президент қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керегін айтты. Мұны бүкіл қоғам болып шешетін тарихи міндет деді. Әрі тілге қатысты пікірталас этникалық емес, азаматтық, саяси сипатқа ие екенін түсіну керегін жеткізді. Бұл жұмыстардың басы-қасында Ассамблея жүру керек. Өйткені оларға артылған міндет көп.

Оның үстіне Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея қызметін біртіндеп ұлттық ықпалдастық институтына айналдыру керегін жеткізді. Сеператизмнің кез келген белгілеріне тосқауыл қойылады, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру бағытында жұмыс күшейеді. Жиын соңында Мемлекет басшысы Ассамблеяның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды. Басқа ақпаратты алдағы шығарылымдарда баяндайтын боламын.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу