Елде 62 мың жетім үй кезегінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 62 мың жетім үй кезегінде тұр

26.04.2023

Бүгін депутаттар шетелге заңсыз шығарылып, кейін қайта қайтарылған 670 миллиард теңгені қалай жұмсау керектігін айтты. Премьер-министр Әлихан Смайыловқа фракция атынан сауал жолдаған Ирина Смирнова бұл қаржыға мектеп, аурухана салып қана қоймай, жетімдерге үй соғу керек деді. Өйткені оларға баспана жетіспей жатыр дейді депутат. Оның айтуынша тәуелсіздік алғалы балалар үйінің сегіз жарым мың түлегіне ғана пәтер берілген. Ал қазір тағы 62 мың жетім баспана кезінде тұр дейді Смирнова. Сондықтан оларға тегін болмаса да жалдамалы арзан үй салып беру керек дейді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу