Словенияда фермерлер шеруге шығып, экологиялық және салық реформасына наразылық білдірді. Олар мемлекет астанасы Люблянаның көшелеріне трактормен кірген. Айтуларынша, түрлі шектеулер кесірінен олардың табысы азайып, шаруашылықтары жабылайын деп жатыр. Ауыл еңбеккерлерін, әсіресе мүлік салығы мен Еуропа одағының химикаттарды пайдалануды 2030 жылға дейін 30 процентке қысқарту туралы талабы ашындырып отыр.
Арыстан Рысбек