Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

26.04.2023

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Жиында өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы жаңа жобаларды іске асыру, машина жасауда локализациялауды кеңейту және қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін 24 кәріздік тазарту құрылысын салу жоспарлары қаралды. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» қызметінің мәселелері, «KEGOC» акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ 10 коммуналдық меншік ұйымын «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан» алып тастау мәселелері талқыланды. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу