Жаңаөзенге қарасты Теңге ауылында 23 жыл бұрын салынған мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жақында қолданысқа берілді. Жөндеу жұмыстары оқу жылының басында басталған еді. Оқушылар төртінші тоқсанда өз мектебіне оралды. Енді білім ошағының жиһаздары мен техникалық базасы да жаңартылмақ. Білім ордасында 781 оқушы бар. 86 мұғалім жұмыс істейді.
Гүлзада Қайнарбаева, №14 мектеп директоры:
Мектеп 2000 жылы ашылғанымен, күрделі жөндеу көрмеген осы кезге дейін. Соған байланысты қазіргі талапқа сай мектепті күрделі жөндеуден өткізуге үлкен қаражат бөлінді. Біздің мектебіміз 1 млрд 50 млн-ға қаражат шығыны шықты.
Данияр Қайыртай