«CNPC» жұмыскерлерінің еңбек жағдайы жақсармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«CNPC» жұмыскерлерінің еңбек жағдайы жақсармақ

26.04.2023

Қазақстандағы «CNPC» компаниясы қызметкерлерінің еңбек жағдайы одан әрі жақсара түспек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен компаниясының вице-президенті Хуан Юнчжан кездесуінде айтылды. Жиында энергетика саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Премьер-Министр CNPC – Қазақстанның энергетика саласындағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін және компанияның 25 жылдан астам елімізде табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Кездесу барысында тараптар мұнай экспорты және өзге де бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу