Оралда үш адамның денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда үш адамның денесі табылды

26.04.2023

Оралда өртенген гараждан үш адамның денесі табылды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Үш мүрденің екеуі - 1982 жылы туған әйел адам мен 2002 жылы туған ер адамның денесі. Тағы бір ер адамның кім екені анықталуда. Сот-медициналық сараптама жасалуда. Ауданы 30 шаршы метр жерде «Нива» жеңіл көлігі де жанып кеткен. Жапсарлас тұрған жеке тұрғын үйдің шатырын да жалын шарпыды. Гараждан 4 оттегі баллоны шығарылды. Өрт түнгі сағат 10-да сөндірілді. Қазір қызыл жалынның неден тұтанғаны анықталуда. Шығыны есептеліп жатыр. Оқиға орнында 40-тан астам құтқарушы мен полицей жұмыс істеді. Куәгерлердің айтуынша, гаражда көлік жөндейтін жеке кәсіп иелері қызмет көрсеткен.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу