Әр тұрғынға бөлінетін бюджет шығыны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әр тұрғынға бөлінетін бюджет шығыны белгілі болды

25.04.2023


Биыл әр тұрғынға бөлінетін бюджет шығыны белгілі болды. Көрсеткіште Атырау облысы көш бастап тұр. Мәслихаттың шешімі бойынша аймақ әр азамат үшін 729 мың теңге бөледі. Мұнан соң – Солтүстік Қазақстан облысы. Әр тұрғынға 651 мың теңге қарастырылған. Үштікті Ақмола облысы қорытындылайды. Аймақ әр тұрғынға 623 мың теңге шығындамақ. Ал тұрғын басына шаққандағы бюджет шығыны бойынша ең төменгі көрсеткіш-- Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында. Маңыстау өңірі 410 мың, Қарағанды аймағы 407 мың теңге қарастырып отыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу