Маңғыстау облысында құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды

25.04.2023

Осы Маңғыстау облысында құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды.

Тексерулер нәтижесінде мекеменің арнайы техникамен толық қамтылмағаны анықталған. Сондай-ақ, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмей, полимерлі құбырлар өндірісі іске асырылмаған болып шықты. Соған байланысты сенімгерлік шартты тоқтату туралы сотқа талап арыз беріліп, ол қанағаттандырылды. Қазір мекеме Жаңаөзен қалалық әкімдігінің коммуналдық меншігіне қайтарылды. Айта кетейін, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты бұдан 4 жыл бұрын «Тазалық-С» ЖШС нің сенімгерлік басқаруына берілген болатын.


Хабарламаларға жазылу