Петропавлды жағымсыз иіс жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлды жағымсыз иіс жайлады

25.04.2023

Петропавлды жағымсыз иіс жайлады.

Бұл жыл сайын қайталататын құбылыс. Мамандардың айтуынша, қала іргесінде орналасқан био-тоғандағы мұз еріп, айналаға күкіртсутегі газы тарап жатыр. Бүгін шаһардың барлық ауданында қолқаны қабатын иіс сезілді.

Архат Орынбеков, қала тұрғыны:

Терезе де аша алмаймыз. Далада міне, жүреміз. Бірақ енді әрең дегенде. Жүрек айниды. Ол көптен-көп аурулар туғызады. Бала-шаға, бәріне зиян ғой, негізі.

Био-тоғанның ашылғанына 70 жылдан асқан. Жағымсыз иістен арылу үшін сыйымдылығы 12 млн текше метр нысан тазалануы тиіс. Осы мақсатта былтыр 5 жылға арналған жоба қабылданды. Био-тоғанға күкіртсутегі бөлетін бактерияларды жоятын 400 мың литр «хлорелла» балдыры жіберілді. Алайда құны 125 млн теңге тұратын жоба әзірге нәтиже берген жоқ.

Дамир Жұмабаев, Экология департаментінің бөлім басшысы:

Бүгін ауа құрамындағы күкіртсутегінің мөлшері тиісті нормадан асып кетті. Биотоған жақын орналасқан аудандарда иіс қатты сезіледі. Біз үш бекетте ауа сапасын тексердік. Шамадан тыс ластану көрсеткіші тіркелген жоқ.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу