Чили фермаларында құс тұмауы өршіді. Вирустан миллионан аса қанатты қырылған. Денсаулық сақтау мамандары H5N1 штамы құстар мен теңіз жануарларынан адамға жұғуы мүмкін екенін ескертті. Алайда осы кезге дейін оның адамнан адамға жұғу фактісі тіркелген жоқ. Тағы бір айта кететіні, вирус өршігеннен кейін Чилиде жұмыртқа 35 пайызға дейін қымбаттап кеткен.
Арай Төлегенқызы