«Skoda Transportation» Қазақстанда зауыт салуға ниетті. Қазақстан мен Чехия бизнес форумында екіжақты меморандумға қол қойылды. Аталған машина жасау компаниясы Шығыс қазақстанда жеңіл көлік құрастырып келген. Енді Павлодар мен Алматыда электр автобустары мен трамвайларды шығармақ. Айта кетейін, қазір біздің елде Чехияның 200-ге тарта компаниясы жұмыс істеп жатыр. Бизнес-форумының қорытындысы бойынша жалпы құны 230 млн еуро болатын келісімге қол қойылды.
Жандос Темірғали, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары:
Қазақстанда мұндай өндіріс бұрын соңды болмаған. Бұл компаниямен ұзақ келіссөз жұргіздік. Өндіріс мәселесі шешілгеннен кейін жергілікті өндіріс туралы келісім бастадық. Жалпы Чехияда машина құрастыру саласы өте жақсы дамыған. Өнімдер Қазақстанда ғана сатылып қоймай экспортқа шығарылуы мүмкін. Ең негізгісі зауыт қазақстандықтар үшін мыңдаған тұрақты жұмыс орнын ашады.
Досжан Маратұлы