Дәл қазір еліміздегі солярка 21 күнге жетеді. Ұлттық экономика министрі бүгін 370 мың тоннадан астам дизель барын айтты. Алмасадам Сатқалиевті сөзінше, бұл қор үш аптаға жетеді. Бірақ содан кейін солярка таусылып қалады деген сөз емес. Қор үнемі толықтырылып отырады.
Қазір мұнай өңдеу зауыттары штатты режимде жұмыс істеп тұр деді министр. Айта кетейік, жақында жанармай қымбаттаған еді. Қазір АИ-92 бензині 205 теңге, АИ-95 - 225 теңге. Ал солярканың литрі 295 теңге.
Досжан Маратұлы