Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24.04.2023

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс бойынша үкімін жария етті. Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылған. Үкімге сай, Мәсімов 18 жылға, Садықұлов - 16 жылға, Ерғожин - 15, ал Өсіпов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді сотталғандардың бәрі де өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды. Сонымен қатар, барлығы генерал шендерінен және мемлекеттік наградаларынан айырылады. Олардан мемлекет кірісіне 10 млрд теңгеден астам қаржы және 24 млн АҚШ доллары өндіріп алынды. Сондай-ақ, бүгін Алматы қаласы Түркісіб аудандық соты қалалық әуежайдың желілік полиция бөлімінің бұрыңғы басшысы Талғат Тәліповты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде өз қызметін асыра пайдаланды деп айыпталды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу