Кенияда христиандық секта уағызшысының бұйрығымен аштан өлгендер саны 47-ге жетті. Олардың мәйіттері теңіз жағалауындағы Малинди қаласы маңындағы орманнан қайта қазылып алынып жатыр.
Секта жетекшісі Пол Маккензи 15 сыбайласымен бірге тұтқындалды. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, ол адамдардың санасына «тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» деген қағиданы сіңірген. Алайда, тергеу кезінде Маккензи тағылған кінәнің бәрін жоққа шығарып, өзі басқарған топтың 2019 жылы тарап кеткенін айтты.
Арыстан Рысбек