Семейдің бас жоспары қайта қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдің бас жоспары қайта қаралып жатыр

21.04.2023

Абай облысының орталығы Семейде 20 жылда халық саны 500 мыңға жетіп, шаһардың аумағы 32 мың гектарға дейін ұлғаяды. Сол себепті бас жоспар қайта қаралып жатыр. Шахарды ретке келтіріп, халықтың тұрмысына қолайлы ету үшін ауқымды жобалар қолға алынады. Алдағы жылдары Семейді айналып өтетін үш көпір мен екі өткел салынбақ. Облыстың кешенді дамыту жоспарымен өңірге арнайы сапармен келген Премьер-министр Әлихан Смайыловта танысты. Үкімет басшысы сапарын Шүлбі су электр станциясынан бастады. 1987 жылы іске қосылған қуатты кәсіпорын жылына 1,66 млрд кВт сағат энергия өндіріп отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Біз өңірді жеделдетіп дамытуды жоспарлап отырмыз. Жаңа кәсіпорындар, жаңа инвестициялық жобалар іске асады. Әлеуметтік нысандардың саны да артады. Тиісінше электр қуатын тұтыну көлемі ұлғаяды. Сол себепті энергия көзідерін қалыпты жағдайға келтіруіміз керек.

«Бақыршық» тау-кен байыту кешені. Жылына 2 миллион тоннадан астам түсті метал рудасын өндіреді. Іске қосылғанына бес жылдан асқан. Алтын кенін дайындауды алда 2,6 милион тоннаға дейін арттырмақ. Кеніш жұмысымен танысқаннан кейін Премьер-министр сапары Семейде жалғасты. Бірнеше мемлекетті Ертіс арқылы жалғап тұрған стратегиялық нысан, аспалы көпірдің жағдайын көрді. Салынғалы жөндеу көрмеген алып өткел тозып тұр. Бір жыл бойы оған техникалық тексеру жүргізілген. Енді жеделдетіп жөндеу қалды.

Асылбек Нұғманов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы:

Қазір аспалы көпірді толықтай күрделі жөндеуден өткізу үшін бес миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. Тиісті құжаттар дайындалып жатыр.

Үкімет басшысы қаланың орталық ауданын жылумен қамтитын «Ғаббасов» қазандығында да болды. 1977 жылы салынған нысан әбден тозған. Қазір оны жаңғырту жұмыстары үшін 1 милиард теңге бөлінген. Жылыту желілерін жөндеуге қосымша 3,5 миллиард теңге қарастырылған. Қала ішінде 756 шақырым жол болса, соның жартысында ғана асфальт жамылғы бар. Оның өзі оңып тұрған жоқ. Сондықтан биыл жергілікті билік 75 шақырымы жолды жаңартпақ.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Абай облысының бес жылдық кешенді даму жоспары бектілді үкіметпен. Сол жоспардың шеңберінде тұрғын үй комуналдық инфрақұрылым бар, әлеуметтік инфрақұрылым бар. Энергетикалық инфрақұрылым бар. Жобалардың барлығы бірлесе отырып іске асырылатын болады.

Әлихан Смайылов қаладағы ядролық медицина орталығына барып, ондағы хирургия бөлімін күрделі жөндеу мен облыстық қан орталығы құрлысы мәселесін талқылады. Сапар соңында Абай музейінде өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен кездеу өткізді.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу