Ақтауда жұмысшылардан стафилококк табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жұмысшылардан стафилококк табылды

21.04.2023

Ақтауда бір топ дәрігер астан уланған мейрамханада мерзімі өткен 200 келіден астам азық-түлік анықталды.

20 қызметкердің санитарлық кітапшасы жалған болып шықты. Ал 7 жұмысшыдан стафилококк табылған. Айта кетейін, жуырда мейрамханалардың бірінде ауызашарда бас қосқан дәрігерлер жаппай астан уланған еді. Соның салдарынан 16 адам ауруханаға түсті. Мамандар тексеру жүргізіп, мейрамханада санитарлық талаптардың өрескел бұзылғанын анықтады. Әкімшілік шара қолдану үшін, тексеру қорытындысы полиция басқармасына жолданған.

Бердібек Саралтаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Холидей ин ресторанының асханасын тексердік. Тамақ құрамынан ішек ауруларын тудыратын қоздырғыштар анықталды. Сонымен қатар, сол асхананы тексеру барысында 73 түрлі азық-түліктің сақталу жарамдылық мерзімі көрсетілмей сақталғаны жөнінде кемшіліктер анықталып, оны арнайы комиссия құрып жойдық.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу