Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкіметке сауал жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкіметке сауал жолдады

20.04.2023

"Тегін медициналық қызмет үшін айлап кезек күту керек. Ал оны ақылы түрде бірнеше минутта алуға болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тиімсіз". Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Премьер-Министрге осылай деп депутаттық сауал жолдады. Медициналық мекемені қаржыландыру кезінде белгілі бір қызметке квота беріледі. Ол 1 аптаның ішінде таусылса, келесі үш апта қызмет көрсетілмейді. Пациентті келесі айға жазады. Адам көп жазылса мекемеге пайдалы. Яғни, ақшасы төленген бірақ көрсетілмеген қызметтер өте көп дейді депутат.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Азаматтар тұрақты жарна төлеп жүрсе де, егер 3 ай төлемей қалса онда автоматты түрде МӘМС-тен шығып қалады. Бұл мәселені қайта қарау керек. Кез келген 12 ай үшін жарна аударылса, сақтандырушының мәртебесі қалдырылу ұсынылады. Азаматтар қаражат түскенін қайда және қандай мақсатқа бағытталғанын білуі керек деп ойлаймын. Азаматтарға олардың электронды денсаулық паспортын көруге толық мүмкіндік берілуі керек.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу