Президент экономикалық өсімді арттыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент экономикалық өсімді арттыруды тапсырды

19.04.2023

Бизнесті дамытып, халықтың табысын арттыру керек. Бүгін әлеуметтік экономикалық мәселелер жөнінде кеңейтілген кеңес өткізген Президент осындай тапсырма берді. Алқалы жиынға министрлер мен аймақ басшыларын айтпағанда, аудан әкімдері мен мәслихат депутаттарына дейін қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев оларға шатқаяқтаған экономиканы дамытып, жұрттың тұрмысын арттыру үшін атқарылуы тиіс сегіз бағытты айқындап берді. Инфляцияны азайту, бизнесті қолдап, экономиканы әртараптандыру, монополияға қарсы күрес секілді бағыттар бойынша тапсырмалар жүктеді. Өйткені геосаяси ахуал ушығып, экономика әлем бойынша қиын жағдайда тұр. Бұл елімізге де кері әсер етіп, инфляция жыл басында рекордтық көрсеткіш 21,3 процентке жеткен еді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу