Шымкент қаласы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Мегаполистегі аудандардың бірінде әкім орынбасары мен бас маман болып қызмет ететін қос азамат 60 миллион теңге алу кезінде ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, шенеуніктер осы ақша үшін қаланы көріктендіру мақсатындағы мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған кәсіпкерге қамқорлық көрсетуге уәде еткен. Жемқорлық әрекетке барған әкім орынбасары екі айға абақтыға қамалды.
Ғани Қалмаханов