Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Херсон және Луганск облыстарына барып, әскерилермен кездескен. Мұны ресми Мәскеу растады. Херсон, Запорожье, Луганск мен Донецк облыстары былтыр қыркүйекте аннексияланған еді. Украина бұл аймақтардың Ресейге қосылуы бойынша өткен референдумдарды жалған деп жариялады. Дегенмен, Ресей қазір осы төрт облысты ішінара бақылап отыр. Өткен жылдың екінші жартысында Ресей әскері Украинадағы басып алған жерлерінің жартысына жуығынан айрылып қалды.
Арыстан Рысбек